
Пробация есебіндегі азаматтарға тұрақты бақылау жүргізілуде
Жағатал ауылдық округі бойынша пробация қызметінің есебінде 5 азамат тіркелген. Аталған азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес, учаскелік полиция инспекторы У.Угиевтың тұрақты бақылауында.
Учаскелік инспектор тарапынан есептегі тұлғалармен үнемі профилактикалық әңгімелер, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Сонымен қатар, оларды қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу және қоғамға бейімдеу мақсатында қоғамдық өмірге тарту жұмыстары да назарда.