«Мүліктік қауіпсіздік – ортақ міндет» атты іс-шара өткізілді
Жағатал ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны У.Угиевтың бастамасымен «Мал ұрлығының алдын алу» мақсатында арнайы түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл туралы ақпарат беріліп, мал ұрлығының алдын алуда сақтық шараларын күшейту қажеттігі айтылды. Полиция қызметкері малды еркін жайылымға жібермей, қора-жайларға құлып орнатып, түнгі мезгілде бақылауды күшейтуге шақырды.
Сонымен қатар, тұрғындарға малға сырға тағу, GPS-бақылау құралдарын орнату, көршілермен бірлескен бақылау ұйымдастыру сынды ұсыныстар берілді.