
№58 сайлау учаскесінде сайлау басталды.
Жағатал ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылында сайлаудың ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға ауыл тұрғындары, сайлау комиссиясының мүшелері және байқаушылар қатысты. Шара барысында мемлекеттік әнұран орындалып, сайлау учаскесі өз жұмысын ресми түрде бастады. Іс-шара барысында сайлаудың әділ және ашық өтуінің маңыздылығы атап өтілді.