Қазақстан ауылында мемлекет тарапынан берілетін 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

Қазақстан ауылында мемлекет тарапынан берілетін 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды.

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі аясында Жағатал ауылдық округіне қарасты Қазақстан ауылында мемлекет тарапынан берілетін 10 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Округ әкімі Қайрат Берікбайұлы Тұрлыбеков құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Әкім жұмысшылармен тілдесіп, құрылыс сапасына, белгіленген мерзімге сай аяқталуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Аталған үйлер – әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.