Қазақстан ауылында ауылішілік жолдарды жақсарту мақсатында Б.Момышұлы көшесінде асфальт төсеу жұмыстары басталды.
Аталған жұмыстар тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау, жол қауіпсіздігін арттыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда мердігер мекеме бекітілген жоспар бойынша жолдың негізін тегістеу, асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Округ әкімдігі тарапынан жол сапасына бақылау жасалып, жұмыстардың белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқталуына ерекше назар аударылуда. Тұрғындар да бұл өзгерісті оң қабылдап, өз ризашылықтарын білдіруде.