
Жағатал ауылдық округінде азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында тегін заңгерлік консультация беру бойынша кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Алакөл аудандық сотының судьясы Урунбасарова Эльмира Жусупбековна арнайы қатысып, ауыл тұрғындарының құқықтық сауатын арттыру бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында тұрғындар күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, жеке консультациялар алды. Судья азаматтық-құқықтық қатынастар, жер мәселелері, отбасы құқығы, мұрагерлік және әкімшілік заңнама бойынша нақты мысалдар келтіре отырып, кеңестер берді.
Шара тұрғындардың құқықтық білімін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын таппақ.