Жағатал ауылдық округінің әкімі Қ.Б.Тұрлыбековтың 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтауы

Жағатал ауылдық округінің әкімі Қ.Б.Тұрлыбековтың 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен құттықтауы

Құрметті ауыл тұрғындары, ардақты ата-аналар, сүйкімді балалар!

Сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – бала күлкісімен көркейген бақытты болашаққа деген сенімнің, мейірім мен ізгіліктің символы.

Балалар – біздің болашағымыз, ел ертеңі. Олардың амандығы, денсаулығы мен білім алуы – баршамыздың басты міндетіміз. Әр бала махаббат пен қамқорлыққа лайық. Сондықтан олардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз әрі қуанышты өмір сүруіне жағдай жасау – қоғамның ортақ парызы

Барша балақайларға шаттық пен бақыт, ата-аналарына сабыр мен қуаныш тілеймін. Отбасыларыңызда әрдайым балдырғандардың күлкісі естіліп, еліміздің болашағы жарқын болсын!