«22-бап талаптарын сақтау – жемқорлыққа жол бермеудің негізі».

«22-бап талаптарын сақтау – жемқорлыққа жол бермеудің негізі».

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оның көріністеріне жол бермеу жөніндегі шараларды мүлтіксіз орындауы тиіс.

Осыған орай, ұжымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және болдырмау мақсатында жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл бағытта қызметкерлер арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, этикалық нормаларды сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту, ашықтық пен әділдік қағидаттарын ұстану міндеті жүктеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ұжым арасында құқықбұзушылықтың кез келген түріне төзбеушілік көзқарасты орнықтыру – негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.