
"Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Алакөл ауданы Ақши ауылында 2025 жылдың 08 сәуір күні 400 көшет отырғызылып, соның 100-і Тәуелсіздік саябағына егілді. Үш сауаптың бірі-тал отырғызу десек, тал егудің адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, қажетті іс екендігін айқындау, ауданның жасыл аймақтарын дамыту мақсатында өткізілген бұл экологиялық шараға ауыл тұрғындары, бірқатар округ әкімдіктері қатысты.