9 мамыр- Жеңіс күні

9 мамыр- Жеңіс күні

 

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Көктұма ауылында «Ерлікке тағзым» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік іс-шара алдымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңында бастау алып, жиналған көпшілікке «Жеңіс ленталары» табыс етілді.

Шара барысында округ әкімі Б.Тананов тұрғындарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сұрапыл соғыс жылдарында ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен ардагерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Одан кейін қатысушылар ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойып, боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, жасөспірімдер патриоттық өлеңдер оқып, Отанға деген құрмет пен тағзымдарын білдірді.

«Ерлікке тағзым» шарасы жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеп, батырлар ерлігін ұлықтауға бағытталған тағылымды кездесу болды.