
2026 жылдың 20–21 ақпан күндері Ырғайты ауылдық округі әкімдігі тарапынан көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Көктұма ауылының бас арығына (Ақтоған) қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.
🌊 Құрметті ауыл тұрғындары!
Су тасқынының алдын алу үшін тұрғын үйлеріңіздің көше бойындағы арықтарды қардан тазалау жұмыстарын жүргізулеріңізді сұраймыз.
Бірлесе атқарған жұмыс – қауіпсіз көктемнің кепілі!