109 Бірыңғай байланыс орталығы

109 Бірыңғай байланыс орталығы

«109 Бірыңғай байланыс орталығы» Жетісу облысы азаматтарының коммуналдық мәселелер бойынша  өтініштерін жедел шешуге арналған орталық. Бұл жоба коммуналдық кәсіпорындардың барлық қоңырау -орталықтарын біріктіреді және облыс тұрғындарымен байланыс жасаудың бірыңғай нүктесі болып табылады. 109 жобасының негізгі артықшылығы көптеген мәселелерді қашықтықтан шешу, сондай-ақ оларды тиісті салаларға бөлу болып табылады. "109" қысқа нөмірі арқылы жылу, газ, электр, сумен жабдықтау, ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) жұмысы, көшелерді тазалау, т.б. коммуналдық өтініштерді жүзеге асыратын түрлі органдар мен ұйымдарға өтініштер қабылданады.