
Ынталы ауылдық округінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты оқушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері түсіндіріліп, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу бағытында ақпараттар берілді. Кездесу кезінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Шара соңында оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлықсыз қоғам құру – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.