
Ынталы ауылдық округінде “Тіл тазалығын сақтайық” атты акция ұйымдастырылды. Акция барысында ауыл тұрғындарына мемлекеттік тілдің тазалығын сақтау, жарнамалар мен маңдайшаларды сауатты жазу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында Даурен дүкені нысанында болып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Дүкен иесіне көрнекі ақпараттарды қазақ тілінің талаптарына сай рәсімдеу бойынша ұсыныстар беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Акцияның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл мәдениетін қалыптастыру және қоғамда сауатты жазу үлгісін насихаттау.