
Ынталы ауылдық округінде 9 Мамыр – Жеңіс күніне орай “Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран” атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мектеп оқушылары ауыл тұрғындарына арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер айтып, өлеңдер оқыды.
Кештің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен батырлар ерлігін құрметтеуді дәріптеу. Концерт барысында соғыс ардагерлеріне тағзым жасалып, бейбіт өмір сыйлаған аға буынның ерлігі ерекше аталып өтті.