Таза ауыл – жарқын болашақ

Таза ауыл – жарқын болашақ

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ынталы ауылдық округінде “ Таза ауыл – жарқын болашақ “ атты кең көлемде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсенді түрде қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, аула маңындағы қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, арық жүйелері тазаланып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындары бірлік пен ұйымшылдық танытып, ортақ іске жұмыла кірісті.