Мал ұрлығы – ауыр қылмыс!

Мал ұрлығы – ауыр қылмыс!

Мал ұрлығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр қылмыстардың бірі. Мұндай қылмыс үшін кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құрметті тұрғындар!
Өз мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

* малды қараусыз жайылымға жібермеңіз;
* қора-жайды мықтап бекітіңіз;
* малды міндетті түрде таңбалап, сырғалаңыз;
* күдікті адамдар мен көліктерді байқасаңыз, бірден полицияға хабарлаңыз.

Мал ұрлығының алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті. Қырағылық танытып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бірге атсалысайық!