«Ұлттық ойындар керуені» акциясы өтті

«Ұлттық ойындар керуені» акциясы өтті

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Ынталы ауылдық округінде де «Ұлттық ойындар керуені» атты республикалық акция өтті. Аталған іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара барысында 1–10 сынып оқушылары белсенді қатысып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Оқушылар ұлттық мұрамызбен жақынырақ танысып, бірлік пен достықтың маңызын терең түсінді. Осындай тағылымы мол шаралар өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге зор үлес қосады.