Ынталы ауылдық округінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Ынталы ауылдық округінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Ынталы ауылдық округінде 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.

Мерекелік кеш барысында мектеп оқушылары ән шырқап, би билеп, сахналық көріністер қойып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерлі жастардың дайындаған бағдарламасы көпшілік тарапынан зор ықыласпен қабылданды.

Мереке қарсаңында округтегі көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Бұл – аналардың қоғамдағы және отбасы тәрбиесіндегі ерекше рөлін айқындайтын тағылымды шара болды.

Іс-шара барысында Ынталы ауылдық округінің әкімі тұрғындарды Алғыс айту күнімен және Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, аналарға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, ел бірлігі мен ынтымағының маңыздылығын атап өтіп, барша әйел қауымына зор денсаулық, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

Мерекелік кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына ерекше әсер сыйлады.