Ауылдық округте көлік құралдары салығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ауылдық округте көлік құралдары салығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ауылдық округ аумағында көлік құралдарына салынатын салық бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мамандар салықты төлеу тәртібі, мерзімдері, есептеу ерекшеліктері және заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған шараның мақсаты – салықтық міндеттемелерді уақытылы орындауды қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ауылдық округ әкімдігі барлық тұрғындарды салық төлемдерін белгіленген мерзімде төлеуге шақырады!