
Ауылдық округ аумағында жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – азаматтарға көлік салығын есептеу тәртібі, төлеу мерзімдері мен қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру.
Түсіндіру барысында мамандар көлік салығының мөлшері көлік құралының қозғалтқыш көлеміне байланысты есептелетінін, сондай-ақ салықты уақытылы төлемеген жағдайда өсімпұл есептелетінін атап өтті. Сонымен қатар, салық берешегін eGov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы тексеруге және төлеуге болатыны жөнінде ақпарат берілді.
Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, жеке кеңестер ұсынылды. Осындай ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ауылдық округ әкімдігі тұрғындарды салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырады.