
Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жиналыс өтті. Жиын барысында егістік алқаптарын суару, су тапшылығының алдын алу, су үнемдеу технологияларын енгізу және алдағы мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, жауапты мекемелердің атқарып жатқан жұмыстары, ауыл тұрғындары мен шаруашылық иелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, нақты тапсырмалар берілді. Жиналыс қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында суды ұтымды пайдалану бағытында бірқатар шешімдер қабылданды.