Құқықтық кеңес беру кабинеті ашылды

Құқықтық кеңес беру кабинеті ашылды

2025 жылғы 25 шілдеде Ынталы ауылдық округі әкімдігінде құқықтық кеңес беру кабинеті өз жұмысын бастады.

Кабинеттің ашылу мақсаты – ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ күнделікті өмірде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.

 Қызмет бағыттары:

  • Жеке және заңды тұлғаларға ауызша кеңес беру
  • Мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық түсіндіру
  • Өтініштер мен арыздарды жазуға көмектесу
  • Жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, зейнетақы және еңбек құқығы мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беру.

Барша Ынталы ауылының тұрғындарын құқықтық кеңес алу үшін жүгінуге шақырамыз!