Әдеп жөніндегі уәкілмен кездесу өтті

Әдеп жөніндегі уәкілмен кездесу өтті

Ынталы ауылдық округі әкімінің аппаратында аудан әкімінің кеңесшісі – Әдеп жөніндегі уәкіл Кистаубаев Адилхан Какенұлының қатысуымен мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті.

🔹 Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, қызметтік тәртіп пен этика нормалары, сонымен қатар мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары жайында жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔹 Әдеп кодексінің негізгі мақсаттарының бірі – қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастыру және қоғамдық мінез-құлық стандарттарын сақтау екені атап өтілді.

💬 А. Кистаубаев өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің өз лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланбауы, жеке мүдделер мен қызметтік міндеттерді араластырмауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әділдікті ұстануы қажет екенін ерекше атап өтті.

✅ Сонымен қатар, кездесуде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, туындаған мәселелер бойынша кеңестер ұсынылды.

🔔 Мұндай түсіндіру жұмыстары – мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.