Үшбұлақ ауылдық округінің әкімі Н.С Кәрімов ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында ауыл әкімі тұрғындардың жерге байланысты көршімен туындаған даулы мәселені, жалғыз басты қарттың жеке тұрғын үйінің жанындағы теректі кесіп беру туралы өтініштерін назарға алып, тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, бас маман А.Абраимова Үшбұлақ ауылдық округінің тұрғындарын жеке қабылдау кезінде “Ресми тәртіпте E-otinish жасау - проблемалық мәселені мемлекеттік органдармен бірге шешудің тиімді тәсілі” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.