
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Қазақ қызы қашан да сұлулығымен, даналығымен ғана емес, ерлігі және қайсарлығымен дараланған. Қазір де ауданымыздың өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп жүрген арулар баршылық.
Осыған орай, Үшбұлақ ауылдық мәдениет үйінің акт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ауыл әкімінің салтанатты жиыны өтті.