Сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды
Мемлекет басшысының 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан бойынша “Taza like” атты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке қала тұрғындары мен бөлім, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері ат салыса отырып, өздеріне бекітіліп берілген учаскелерге және арық жүйелеріне тазарту жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына қала бойынша 830 адам және 4 арнайы техника жұмылдырылды. 30 тоннаға жуық қоқыс арнайы орынға шығарылды.