ЖАҚСЫ ІС - ЖАН ЖЫЛУЫ

ЖАҚСЫ ІС - ЖАН ЖЫЛУЫ

ЖАҚСЫ ІС - ЖАН ЖЫЛУЫ

“Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты” ММ-нің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы И.Валиеваның ұйымдастыруымен және ерікті жастардың қолдауымен, Үшарал қаласы, І.Жансүгіров көшесінің тұрғыны, зейнеткер, жалғыз басты қарт атамыздың бау-бақшасы мен үйінің маңында орналасқан арық арналарын қоқыстан тазартуға қолғабыс етті. Атамыз жастарға ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.