ҮШАРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ
Үшарал қалалық округінің әкімі М.О. Сайдильдинов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында қала әкімі тұрғындардың жер мәселесі туралы өтініштерін назарға алып, тиісті шаралар атқарылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, бас маман Ш.Кампитова Үшарал қалалық округінің тұрғындарын жеке қабылдау кезінде “Ресми тәртіпте E-otinish жасау - проблемалық мәселені мемлекеттік органдармен бірге шешудің тиімді тәсілі” туралы айтып өтті.