
«Таза Қазақстан» бойынша сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекеннің санитарлық тазалығы мен абаттандырылуын бақылау мақсатында Үшарал қаласының әкімі А. Абишев, Алакөл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Тұрғанов және учаскелік полиция инспекторы Д.Батырбеков орталық және ішкі көшелердің қоқыстан тазартылу деңгейін, жол жиектерінің ретке келтірілуін және тұрғын үйлердің аумақтарын таза ұстауына қатысты бақылау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында елді мекен аумағындағы тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы сараланып, абаттандыру талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қала тұрғындарының тұрмыстық қалдықтарды уақытылы белгіленген орынға шығаруын, арамшөптер мен ағаштарды шабу, сондай-ақ санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін аумақтарды ретке келтіру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Жеке тұрғын үйлердің иелеріне өздеріне тиесілі және іргелес аумақтарды таза әрі көрікті ұстау, абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігі ескертілді.