
Бүгін Үшарал қаласының ерікті жастары жалғыз басты қарт С. Базаров атамыздың шаңырағына барып, ауласын тазалап, қолғабыс көрсетті. 🌿🤝
Жастар аула жұмыстарын атқарып, айналаны ретке келтіріп, қарияның көңілін көтерді. Көрсетілген қамқорлыққа риза болған С. Базаров атамыз ерікті жастарға ақ батасын беріп, шынайы алғысын жеткізді.
Қайырымдылық пен жанашырлық – қоғамның берекесін арттыратын асыл қасиеттер. Осындай игі істерге белсене атсалысып жүрген ерікті жастарымызға алғыс білдіреміз! Ізгілік жолындағы қадамдарыңыз көбейе берсін!
#Үшарал #Еріктілер #Қайырымдылық #ИгіІс #Жастар #Біргеміз