
18 сәуір Ескерткіштерді қорғау күні
18 сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай "Ескерткіштер - ел тарихы" атты акциясы аясында, Үшарал қаласы, Д.Қонаев атындағы алаңда орналасқан “1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскерлерге арналған” мемориал, кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевқа арналған ескерткіш, “Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған” ескерткіш, “Ауғанстан жерінде қаза болған интернационалист жауынгерлерге арналған” ескерткіш, “Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды еске алуға арналған” стеланың маңайына
тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қала мектептері арасында “Біздің тарихымыз - ескерткіштерде”, “Ескерткіштер - ел мұрасы” атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, ескерткіштердің болашаққа аманат екенін, тарихы мен ерекшеліктерін түсіндіру, оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады. Осы қасиетті жерлерімізді қорғау әрбір азаматтың парызы екенін ұмытпайық!