
Таза Қазақстан: Алакөл ауданында ауқымды сенбілік өтті
2026 жылғы 4 сәуір күні «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Алакөл ауданында жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
Ауқымды тазалық шарасына аудан бойынша 2450 адам және 75 бірлік техника жұмылдырылып, нәтижесінде 196 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Сенбілік жұмыстары әсіресе Үшарал–Достық республикалық тас жолының бойында қарқынды жүргізілді. Аталған аумақта қоқыстар тазартылып, жол жиегі абаттандырылып, ағаштарды әктеу және санитарлық қырқу жұмыстары атқарылды.
Бұл игі іске ауданның барлық мекеме ұжымдары белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Алакөл ауданының тазалығы – ортақ міндет. Осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.