"Әділ болу - азаматтық парыз"

"Әділ болу - азаматтық парыз"

"Әділ болу - азаматтық парыз"

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Елтану" жобасы аясында "Әділ болу - азаматтық парыз" тақырыбында Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – қоғамда әділдік қағидаттарын насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарының маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қоғамдағы сенім мен бірлікті нығайтуға ықпал етті.

Жиын соңында қатысушылар әділ қоғам құру – әр азаматтың міндеті екеніне тоқталып, алдағы уақытта да осындай тағылымды іс-шараларды жалғастыру қажеттігін атап өтті.