
Жиналған суды тазарту жұмыстары жүргізілуде
Ауа райының жылынуы мен жауын -шашын салдарынан Қасымжанов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй ауласында қардың еруінен жиналған суды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумақта Үшарал қалалық округі әкімдігі арнайы техникамен суды сору жұмыстарын атқаруда, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қажетті шаралар қабылданған.
Жұмыстар жоспарға сәйкес ертең аяқталуы тиіс. Судан тазарту жұмыстары толық біткен соң қосымша хабарланады.
Бүгінгі күні жол қозғалысына байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.