Өрт қауіпсіздігінің алдын алу

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу

2026 жылдың 27 ақпан күні Үшарал қалалық әкімдігі Алакөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі және полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағындағы тамақтану орындарында (дәмханалар, мейрамханалар)“Өрт қауіпсіздігі”, “Газ пайдалану қауіпсіздігі” тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары:

Газ баллондарын пайдалану: Қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын пайдалануға тыйым салынатыны қатаң ескертілді.

Электр қауіпсіздігі: Электр желілері мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.

Өрт сөндіру құралдары: Нысандарда өрт сөндіргіштердің (огнетушитель) болуы және олардың жарамдылығы тексерілді.

Тазалық: Ас үйдегі сорғыштарда (вытяжка) май қалдықтарының жиналуын болдырмау, электр желілеріндегі қысқа тұйықталулардың алдын алу шаралары талқыланды.

Жауапкершілік: Кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудың салдары мен жауапкершілігі туралы ақпарат берілді.