
Қар тазалау жұмыстары жүргізілді
🔻2026 жылдың 26 ақпан күні Үшарал қаласының коммуналдық қызметтері жеке кәсіпкер “Себепов” қардың қалың түсуіне байланысты күшейтілген режимде қар тазалау жұмыстарын жүргізді.
Көктайғақтың алдын алу үшін жолдардың қауіпті аймақтары мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қардан тазартылып, инертті материалдар себілді.
🔻 Автокөлік жүргізушілерінен көліктерін жол жиегіне қоймауды және тұрақ ережелерін сақтауды сұраймыз.