
АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
“Ардагерлерді ардақтайық” жобасы аясында “Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Ә.Жолдыбайдың ұйымдастыруымен игі шара өтті.
Шара барысында Үшарал қаласының тұрғыны, жалғыз басты қарт ардагер С.Базаровтың ауласын қардан тазалау жұмыстары жүргізіліп, күнделікті тұрмысына қолдау көрсетілді. Бұл үлкенге құрмет, шынайы жанашырлық пен қамқорлықтың нақты көрінісі.
Ардагерлердің өмір жолы- өнеге, еңбегі -тарих. Осындай игі бастамалар арқылы жастар бойына адамгершілік, еңбекқорлық және отансүйгіштік құндылықтары сіңіріледі.
Жалғыз басты қарт жастарға ризашылығын білдіріп, батасын берді.