РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2026 жылдың 06 ақпан күні Үшарал қалалық округі әкімінің орынбасары А.Исатаев, қалалық әкімдік аппаратының мамандары Н.Ыбрайханов, Ж.Сатыбалдинов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а. Ш.Шаяхметова, учаскелік полиция инспекторы А.Аппасов және “Алакөл тазалық” жеке кәсіпкерлігінің өкілімен бірлесіп, Үшарал қаласындағы қоғамдық тамақтану және сауда нысандарында (дүкендер мен кафелерде) профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Профилактикалық жұмыстар барысында кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді, атап айтқанда:

🔹сағат 21:00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынатыны;

🔹21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатуға жол берілмейтіні;

🔹кәмелетке толмаған тұлғалардың кафе мен дүкендерде жұмыс істеуіне жол берілмейтіні;

🔹кафе мен дүкендердің қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарт жасасуы және санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі.

Аталған профилактикалық іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілді.