
ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Үшарал қаласының әкімі А.Абишев Ж.Жабаев, Б.Майлин, Төле би, Жеңіс көшелерінің тұрғындарымен ашық форматта кездесу өткізді.
Жиын барысында тұрғындардың көшені абаттандыру бойынша бірнеше қоқыс жәшіктерін қою, балалар ойнайтын ойын алаңын орнату туралы ұсыныс тілектері тыңдалынып, 2026 жылғы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, іске асыратындығы жеткізілді.