Тағайындау

Тағайындау

Тағайындау

«ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылдың 23 қараша күні Үшарал қалалық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізілді.

Осыған орай, бүгін аудан әкімі А.Абдинов Үшарал қалалық округі әкімін тағайындау туралы жергілікті қоғамдастықпен кездесу өткізді.

Сайлау қорытындысы бойынша, Абишев Айдар Беделбекұлы - Алакөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 қараша №25 қаулысымен Алакөл ауданы Үшарал қалалық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.

Абишев Айдар Беделбекұлы – 1988 жылы 09 тамыз күні Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келді. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Соңғы жұмыс орны: 2025 жылдан бері аудандық “Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы” бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарды.

Жалпы еңбек өтілі: 13 жыл, 6 ай.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 12 жыл.

Кездесуде аудан әкімі А.Абдинов тағайындалған округ әкіміне жүктелген негізгі міндеттерді жан-жақты атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.

Бұл жауапты қызметте Айдар Беделбекұлының тәжірибесі мен іскерлік қабілеті ел Президентінің саясатын, мемлекеттік даму бастамаларын жергілікті деңгейде тиімді іске асыруға серпін беретініне, халықпен ашық диалог құрып, өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз!