Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдиновтың Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті

Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдиновтың Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті

Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдиновтың Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесуі өтті

Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов Үшарал қаласының тұрғындарымен ашық форматтағы кездесу өткізді. Жиын басталған бойда аудан әкімі өткен сайлау қорытындысына тоқталып, Үшарал қаласының жаңа әкімі болып Абишев Айдар Беделбекұлы тағайындалғанын атап өтті.

Кездесу барысында қала әкімдігі мен аудан бойынша атқарылған жұмыстардың 10 айлық қорытындысы ұсынылды. Айдар Беделбекұлы өз кезегінде Үшарал қаласын дамытуға арналған алдағы жоспарларымен бөлісіп, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында жүзеге асатын жобаларды таныстырды.

Тұрғындар түрлі мәселелер бойынша өз өтініш-тілектерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Аудан әкімі мен тиісті бөлім басшылары азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар беріп, көтерілген мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.