"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы

"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы

"Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы

Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз және үлкеннің жолы, ағалық ақылы - асыл қазынамыз. Өмірден көргені мен түйгені көп ақсақалдарымызды ардақтау, оларға құрмет көрсету әр азаматтың басты парызы.

1 қазан Қарттар күні мен мүмкіншілігі шектеулі азаматтардың онкүндігіне орай “Жүректен жүрекке” қайырымдылық акциясы аясында, Үшарал қаласы әкімінің уақытша міндетін атқарушы А.Исатаев қаламыздағы қарт зейнеткерлерімізге азық-түлік себеттерін тарту етіп, мерекемен құттықтап қайтты.

Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!