СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2025 жылдың 20 қыркүйек күні мемлекет басшысының 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан бойынша “Word clean up day” атты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке қаладағы бөлімдер, мекемелер мен кәсіпорындар және әскери бөлім қызметкерлері ат салыса отырып, өздеріне бекітіліп берілген учаскелерге (шөп шабу, арық ішін тазалау т.б)тазарту жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына қала бойынша 900-ге жуық адам қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды. 30 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды.