«Таза бейсенбі – Таза Қазақстан» атты сенбілік ұйымдастырылды
2025 жылдың 11 қыркүйек күні Үшарал қаласында «Таза бейсенбі – Таза Қазақстан» атты күзгі санитарлық тазалық аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Әр мекеме өз аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында көшелер қоқыстан тазартылып, шөптер шабылды. Арықтардың іші тазартылып, әктеу және сырлау және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.