СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мемлекет басшысының 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан бойынша “Таза Алакөл” атты сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке Үшарал қаласының тұрғындары мен қаладағы бөлім, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері ат салыса отырып, өздеріне бекітіліп берілген учаскелерге тазарту жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстарына қала бойынша 959 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылды. 30 тоннаға жуық қоқыс арнайы орынға шығарылды.