Үшарал қалалық округі әкімдігінде азаматтарды құқықтық мәселелер бойынша қабылдау өтті
Үшарал қалалық округі әкімдігінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауды әкімдік аппаратының бас маманы, заңгер Ж. Сатыбалдинов жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың құқықтық сипаттағы сауалдарына жан-жақты түсіндірме беріліп, нақты кеңестер ұсынылды. Әсіресе, жер қатынастарына қатысты сұрақтар кеңінен талқыланып, әрбір азаматтың мәселесіне жеке тоқталып, құқықтық шешу жолдары түсіндірілді.
Мұндай қабылдаулар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне септігін тигізеді.