Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектебінде ұлы ойшылдың бюстіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары, ардагерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар Абайдың өлеңдерінен үзінділер оқып, ұлы ақынның мұрасына құрмет көрсетті. Сонымен қатар, аудандық кітапхана "Дархан халықтың дана Абайы" атты тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды.
Бұл тағылымды іс - ұлт руханиятының алтын қазынасы болып саналатын Абай мұрасын жәріптеу мен кейінгі ұрпаққа насихаттаудың бір көрінісі.