Қолданысқа берілген үйлерге тексеру жұмыстары жүргізілді
2025 жылдың 29 шілде күні қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен арнайы комиссия тобы құрылып, 2024 жылдың желтоқсан айында МТФ-3 елді-мекенінде және М.Әуезов көшесінде қолданысқа берілген 40 үйге тексеру жұмыстары жүргізілген болатын. Тексеру барысында МТФ-3 елді мекеніндегі 20 үйдің (7Б, 9Б, 10Б, 11Б, 12Б, 14Б, 17Б, 29Б) 8-де, М.Әуезов көшесіндегі 20 (48, 54, 55, 62) үйдің 4-уінде үй иелелері тұрмайтындығы анықталды.
Құрметті үй иелері: қыркүйек айының 1-ші жұлдызына дейін аталған үйлерге тұрақты қоныс аудармаған жағдайда, аталған үйлер кезекте тұрған мұқтаж адамдарға берілетінін ескертеміз!