«Үшарал қалалық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2025 жылдың ІІ тоқсаны)
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, «Үшарал қалалық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі - 8 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 41 анықтама беріліп, 47 ЭЦҚ ашылды.
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бойынша Үшарал қалалық округі әкімі аппаратына жеке тұлғалар бойынша 18 өтініш түсіп, 1 өтініш кері қайтарылып алынды. Заңды тұлғалар бойынша өтініш түскен жоқ.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 2 іс-шара ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға жалпы 14 адам қатысты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.